| Жетісудің әуе қақпасы. «Жетысу» авиакомпаниясы – Талдықорған әуежайы. Талдықорған әуежайы тарихын 1946 жылдан бастайды және Еуропадан Қытайға баратын әуе жолында орналасқан. Тарихтан Әуежай 1946 жылы құрылды, ПО-2 ұшақтары ұшатын топырақ ұшу-қону жолағы болды. Бірте-бірте әуе кемелерінің паркі ЯК-12 ұшақтарымен толықты, кейін оларды АН-2 ұшақтары алмастырды. 1974 жылы жасанды ЖҚЖ салынып, әуежай жаңа орынға көшірілді және ЯК-40, АН-24 әуе кемелерін, ал 1981 жылдан ТУ-134 қабылдай бастады. 2004 жылы әуежай ғимараты қайта жаңартылып, сағатына 100 жолаушыны өткізетін заманауи технологиялық және тексеру жабдығымен жарақталды. Жалпы мәлімет Орналасқан жері: Талдықорған қаласынан 12 км солтүстік-шығыста. Перронда ИЛ-76, ТУ-154, ТУ-134, АН-24, ЯК-42, ЯК-40 және төмен кластағы әуе кемелеріне коммерциялық қызмет көрсету мүмкіндігі бар тұрақтар бар. Ішкі әуе желілерінің жолаушыларына қызмет көрсету үшін әуежайда сағатына 100 жолаушыны өткізетін, заманауи технологиялық және тексеру жабдығымен жарақталған әуежай ғимараты бар. Жергілікті уақыт: (UTC)+6 Сипаттамасы Талдықорған әуеайлағы «Б» класты
ЖҚЖ өлшемдері – 3000х50 м, бетон.
ЖҚЖ – PCN 42 15 R/A/X/T
РЖ – 1 – PCN 42 15 P/A/X/T
РЖ – 8,9 – PCN 32 F/C/Y/T
Перрон – PCN 32 F/C/Y/T
Жарық сигнал беру жабдығы:
Талдықорған әуежайында ОВИ-1 «LUCEBIT» типті жарық техникалық жабдығы пайдаланылады.
Әуеайлақ резервтік ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Әуеайлақта «Жетысу» авиакомпаниясының ЯК-40, L-410 UVP-E20 әуе кемелері базаланады.
|