| Тексеру қызметі Жолаушылар әуе тасымалының авиациялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес барлық әуе жолаушылары, олардың қол жүгі мен ұшақтардың жүк бөліктерінде тасымалданатын багажы жүз пайыз қауіпсіздік бақылауынан (тексеруден) өтеді. «Қазпошта» бөлімшесінің барлық пошта жөнелтілімдері де тексеруден өтеді. Қауіпті жүктерді тасымалдау ИКАО (ICAO) Кеңесі бекіткен қауіпті жүктерді әуемен қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік бақылауы арнайы жабдықталған пункттерде жүргізіледі. Бұл пункттер халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес заманауи техникалық құралдармен жарақталған. Қауіпсіздік бақылауын жүргізетін персонал осы саладағы жұмыс тәжірибесіне ие. Қызметкерлер мерзімді дайындықтан өтеді, олардың білімі сертификат-рұқсаттамалармен расталады. Рейстерге қызмет көрсету кезінде дауыс зорайтқыш байланыс арқылы әуе көлігімен тасымалдауға тыйым салынған заттар мен нәрселер туралы және авиациялық қауіпсіздік жөніндегі басқа ақпарат беріледі. Жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін арттыру мақсатында әуежай мүмкіндігінше жаңа тексеру жабдығын сатып алып, пайдалануға енгізеді: Барлық жабдық сертификатталған және персонал мен жолаушылар үшін қауіпсіз Сіздің қауіпсіздігіңіз сенімді қолда!
|