Талдықорған әуежайына қош келдіңіз!

 
 


«Жетысу» әуежайы Сіздерді қарсы алуға дайын!



 

Талдықорған әуежайы 1946 жылдан бері жұмыс істейді және Еуропадан Қытайға баратын әуе жолында орналасқан. Ол шым жолақтан бүгінгі жасанды ұшу-қону жолағы бар заманауи әуежайға дейін өсті; ЯК-40, АН-24 және одан ауыр әуе кемелерін қабылдайды. 2004 жылы әуежай ғимараты қайта жаңартылып, сағатына 100 жолаушыны өткізетін заманауи технологиялық және тексеру жабдығымен жарақталды.
Жолаушыларға. Әуежай тұрақты жолаушылар рейстерін орындайды. Ұшақтардың келуі мен ұшуы әуежай ғимаратында дауыс зорайтқыш арқылы хабарланады, қолданыстағы кесте касса бөлмелерінде ілінген. Рейске тіркеу ұшуға 1,5 сағат қалғанда басталып, 40 минут қалғанда аяқталады.
Нұр-Сұлтан – Талдықорған – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша тұрақты рейстер L-410 UVP-E20 ұшақтарында орындалады.
Әуеайлақ. Талдықорған «Б» класты, ЖҚЖ 3000х50 м, бетон. Резервтік әуеайлақ ретінде пайдаланылуы мүмкін. Жергілікті уақыт (UTC)+6.

Ұшу сапарыңыз сәтті болсын!

 

 
       
 

GISMETEO: Ауа райы

 
     
Нұр-Сұлтан қ.

Талдықорған қ.
 
 

 

 
   

 
   
 
 
 


© 2019 Әуежай «Жетысу» авиакомпаниясы. Анықтама қызметі (СОАП диспетчері) 8(7282) 41-23-45.