Оқу тәрбие процессін жүзеге асыруда 65 оқытушы еңбек етеді. Олардың 14-і жоғары біліктілік санатындағы, 18-і бірінші біліктілік санатындағы, 6-ы екінші біліктілік санатындағы ұстаздар. 1-«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі»-Бекова Г.М., 3-«ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» - Ибрагимова С.Р., Веревкина Г.М., Дудукина Т.П., Крысина Н.М. сияқты еңбек ардагерлері еңбек етуде.
Медицина колледжінің негізгі міндеттері оқу тәрбие үрдісінде оқытудың сапасымен тиімділігін көтеру, сабақтың ғылыми - әдістемелік деңгейін жақсарту, оқушылардың кәсіби шеберліктерін тәжірибеге негіздей оқыту. Колледж ұжымы оқу-тәрбие үрдісінен заманға сай оқытудың инновациялық технологияларды енгізуде. Осыған орай оқу-тәрбие үрдісінің ажырамас бөлігі – оқушылардың жаңа талаптарға сай келетін, болашақ маманды шығармашылық тұлға ретінде тәрбиелеу болып табылады. Жыл сайын колледж ұстаздары оқу нормативтеріне сәйкес әдістемелік бағдарламаларды, көмекші дәрістерді, сынамаларды, үлестірмелі дидактикалық материалдарды құрастырып және жетілдіріп отырады. Оқытушылардың біліктілік дәрежесі мен колледждің материалдық базасы студенттерді жоғары дәрежеде даярлауға толық мүмкіндік береді. Мемлекеттік емтихан нәтижелері бойынша түлектердің оқу үлгерімі 100 пайызды құрайды.
Мұнда жаңа мамандарды қалыптастыру бойынша жан – жақты дамыған жеткілікті тәжірибелер жинақталып, көрнекті материалдық – техникалық база: 250 орынды жатақхана, жабдықталған стадион, асхана, буфет, медицина пункті, «Фитнес - клуб» жұмыс жасайды. Бұған қоса, жаңаша түрде жабдықталған 2 компьютер класы, «Internet» жүйесі, мультимедиялық аудитория, толық оргтехникалар жинағы, бейне салондар, мәжіліс залы жұмысын жалғастыруда. Колледжді бітірген түлектер Алматы облысының барлық емдеу – профилактикалық мекемелерінде, алыс және жақын шетелдерде жақсы жұмыс жасауда. Колледжде 10 жылдан артық уақыт дипломнан кейін білім жетілдіру бөлімі жұмыс жасап, онда жыл сайын 600-ден астам дипломы бар орта буынды медицина қызметкерлері оқытудың 30 шақты циклынан білім жетілдіруден өтеді. Оқушылардың кластан тыс уақытта шұғылдануына қызығушылықтары бойынша әртүрлі үйірмелер: «МИК» (интеллектуалды клубы), «МАЦ»(шылым шегуге қарсы орталық), «Санитас» (атаулар мұрасы), «Айсұлу» (үй шаруашылығы), ОФП (бодибилдинг), шейпинг, би, домбыра үйірмелері жұмыс жасайды.
Білім сапасы, жастардың тұрмысын және бос уақытын ұйымдастыру – Талдықорған медицина колледжі жетістігінің құпиясы. Бұл колледж жұмылдырылған, әртүрлі тәжірибелік (эксперимент) жасауға қабілетті. Бұл қызу шығармашылықты оқу орны, бұл - болашақ Колледжі. |