Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының басты мақсаты колледж жастарының қоғамдық қызметін жандандыру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, университет жастарының физиологиялық және рухани, интеллектуалды дамуына ықпал ететін қажетті жағдай жасау болып табылады.
Негізгі міндеттері: студенттік қоғам ұйымдарының қызметін үйлестіру, колледж және студенттік топтар деңгейінде студенттік өзін-өзі басқарудың заманауи түрлерін енгізу, оқу және тәрбиелік үдерістерінің тығыз бірлігінде студент жастардың арасында көпшілікке арналған мәдени және қоғамдық-саяси шараларды қамсыздандыру негізіндегі мерекелердің барлық түрлерін ұйымдастыру, жастардың тұрмыстық-әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша жүйелілік жұмыс, атқарушы органдармен ортақ жұмыс жүргізу үшін қарым-қатынастарды іске асыру, әр түрлі тақырыптарға пікір сайыстар мен дебаттар өткізу. Студенттік құрылыс жасақтары мен басқа да еңбек жасақтарының жұмысын жандандыру, МҚК «Талдықорған медицина колледжінің» одан әрі дамуына ықпал ету болып табылады.
Қазіргі студент жастардың өзін-өзі басқаруы Қазақстан қоғамы дамуының жаңа үрдістеріне негізделген. Колледжда студенттік өзін-өзі басқару органдарын қолдау және дамыту мақсатында 2012 жылдың ақпан айында Студенттік өзін-өзі басқару ұйымы құрылды. Ұйымға, жастар ісі жөніндегі комитет, студенттер мәжілісі, студенттік жастар ұйымдары, студенттік клубтар, студенттердің кәсіподақ ұйымы, «Жас Отан» жастар қанаты, «Қазақстан Альянс студенті» жұмыс жасайды.
Жыл бойына өзін-өзі басқаруды дамыту жөнінде белсенді студенттерге оқыту семинарларын ұйымдастыру және өткізу, оқу орны басшылығының қатысуымен және жастар саясаты бөлімінің мамандарының студенттік жатақханаларда тұратын студенттермен жиналыстар өткізу. Мәселен, «Жатақхана – біздің үйіміз», «Иманды қыз елдің көркі» атты тақырыптарда студенттермен жиналыс, колледж және жатақхана қабырғасында қоғамдық тәртіпті орнату мақсатында «студенттік тәртіп», студенттер арасында сауалнама жүргізу, ұйымдастырылып тұрады.
Қоғамдық бірлестіктер мен клубтардың жұмысына, ғылыми жобалар мен бағдарламалардың іске асырылуына дарынды студенттерді тарту бойынша «Қазіргі қоғамдағы жастардың белсенділігін арттыру жолдары» тақырыбында пікір-сайыс, «Конституция күні және Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» жобасы аясында іс-шаралар, Қазақстан студенттерінің Альянсының презинтациясы тақырыбында студенттерді өзін-өзі басқаруға, азаматтық жауапкершілікке үйрету мақсатында іс-шаралар жоспарланып өткізіліп тұрады. Жастар ісі жөніндегі комитет басқа да колледждармен және ЖОО-ның жастар ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктерімен тығыз байланыста.
|