Жансеңгіров Серік Максимұлы
Талдықорған медицина колледжі директоры
Медицина колледжі педагог және медицина мамандықтарын қосатын игілікті оқу орыны. Колледждің 75 жылдық мерейтойын атай отырып, біз биік белестерден өтіп, ақ халатты абзал жандарды білім нәрімен сусындаттық. Қазіргі таңда колледжіміздің түлектері орта буынды медицина қызметкерлері Алматы облысының әрбір түпкірінде табысты еңбек етуде. «Саламатты Қазақстан 2015» бағдарламысын жүзеге асыру мақсатында салауатты өмір салтын сақтайтын, өз кәсібінің шебері болатындай жастарды тәрбиелеу-педагог пен медицина саласының оқытушыларының басты мақсаты. Қазіргі жастар болашаққа нық сеніммен қарап, өз елінің игілігі үшін ат салысуда. Бүгінгі таңда колледж қабырғасында 1000 астам білімгерлер білім алуда. Жыл сайын тәжірибелік денсаулық сақтау саласының дипломдары бар 1500 астам мамандар қайта даярлаудан өтіп, кәсіби біліктіліктерін жоғарлатуда. ХХІ ғасыр - ғылымның озық ғасыры сондықтан, колледжімізде білімгерлерге өз білімдерін жетілдіруге барлық жағдай жасалуда. Атап айтсам, жаңа үлгідегі дәрісханалармен, интербелсенді тақталармен жабдықталған дәрісханалар, екі сыныпты ғаламтор кабинеттері, кітапхана қоры электронды әдістемелік оқу құралдары және әдебиеттермен жылдан - жылға молайтылуда. Асханаға жаңа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, санитарлық талаптарды қатаң сақтайды. Жатақхана бөлмелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жиһаздармен жабдықталуда. Келесі оқу жылына стадион кешені салынуда. Қаланың ең үздік алдын ала емдеу мекемелерінде тәжірибелік сабақтар өткізіліп, білімгерлер тәжірибелік дағдыларын шыңдайды. Жетісу өңіріндегі 75 жылдық тарихы бар колледжіміз 30 мыңнан астам түлектерді ұясынан ұшырды.