Орта буынды медицина қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру
бөлімінің жұмысы
Орта медициналық (фармацевтикалық) қызметкерлердің қайта даярлау мен білімін жетілдіру бөлімі медицина колледжінің бір құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Орта медициналық (фармацевтикалық) мамандарды қайта даярлау мен білім жетілдіру бөлімі 1993 жылдан жұмыс жасайды. Штаттық кестеде 1 ставка бөлім меңгерушісі, 1 ставкада лаборант қарастырылған. Іс жүргізу, материалды-техникалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету колледж жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Білім жетілдіру мен қайта даярлау бөлімінің қызметі мынандай нормативті құжаттарды қолданады:
- 2010 жылғы медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша қосымша білім берудің Мемлекеттік стандарттары;
- ҚР денсаулық сақтау Министрінің уақытша міндетін атқарушының 2009 ж 26 қарашадағы бұйрығы;
- ҚР денсаулық сақтау Министрінің уақытша міндетін атқарушының 2009ж 11 қарашадағы «Орта медициналық және фармацевтикалық мамандардың білімін жетілдіру мен қайта даярлау Ережесін бекіту жөніндегі» № 691 бұйрық;
- «Денсаулық сақтау жүйесі және халықтың денсаулығы жөніндегі» Қазақстан Республикасының 18 қыркүйек 2009 жылғы № 193-ІУ Кодексі;
- Қазақстан Республикасының 15 мамыр 2007 жылғы № 251-3 Еңбек кодексі;
- Қазақстан Республикасының 27 шілде 2007 жылғы «Білім туралы» № 389-ІІІ заңы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24 сәуір 2006 жылғы «Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беруді қайта құру Концепциясы жөніндегі» №317 Қаулысы;
- Денсаулық сақтау Министрінің 24 қараша 2009 жылғы «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтардың номенклатурасын бекіту жөніндегі» № 774 бұйрық;
Орта буынды мамандарды дипломнан кейінгі қайта дайындаудың қолданыстағы жүйесі облыстың денсаулық сақтау саласының қажеттіліктеріне сәйкес келіп, білім жетілдіру бөлімінің жұмысы мына түрде жүзеге асырылады. ЕПМ сұраныстары бойынша қайта даярлау мен білім жетілдіру курстарының келесі жылға жоспар-кестелері жасалып, колледж директорымен бекітіледі. Жыл бойына медициналық мекемелер жағынан өзгертілген қажеттіліктер мен өтініштерді есепке ала отырып, жоспарға жоспардан тыс циклдарды қосу, соның ішінде көшпелі циклдарды енгізу жағдайлары бойынша өзгертулер енгізілуі мүмкін.
Орта буынды медицина қызметкерлерін дипломнан кейін қайта даярлауға Республикалық оқу-әдістемелік орталықтан алынған және БЖБ оқытушыларымен дайындалған оқу жоспарлары мен бағдарламалар қолданылады. Типтік бағдарламалармен қамтамасыз етудің жалпы көрсеткіші 85 % құрайды. Қосымша медициналық білім берудің мемлекеттік стандарттарының талаптарына сәйкес бағдарламада аймақтағы өзекті мәселелер, ауруларды алдын алу, оның ішінде әсіресе туберкулез, анемия, қант диабеті, қатерлі ісік аурулары, СПИД мәселелері кеңінен қарастырылады. Бағдарламалар Алматы облысы Әкімінің денсаулық сақтау басқармасының бас мамандарымен келісіліп жасалады.
Оқу процессін жетілдірудің тиімділігі оқытудың жаңа әдістерін қолдану, колледж зертханалары мен кабинеттерінің материалды-техникалық базаларын қолдану, кәсіби тренингтер, іскер ойындар, нақты ситуацияларға талдау жүргізу арқылы қол жеткізіледі.
Тыңдармандарға арналған тәжірибелік сабақтар теориялық білімдерін тәжірибеде нығайту үшін облыстың ең үздік емдеу-профилактикалық мекемелерде жүргізіледі. Білім жетілдіру бөліміне арналған базалық мекемелер облыстың денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен бекітіледі.
Оқытудың мазмұны, сапасы және тиімділігі көбінесе оқытушылар құрамымен анықталады. Қазіргі уақытта дипломнан кейінгі білім жетілдіру бөліміне сабақ беруге колледждің бірінші және жоғары санатты тәжірибелі оқытушылары мен тәжірибелік дәрігерлер, облыстық денсаулық сақтау мекемелерінің штаттан тыс бас мамандары тартылады.
«Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мамандарды дайындау мен қайта даярлаудың негізгі бағыты болып алғашқы медициналық-санитарлық көмек, туберкулезге қарсы, онкологиялық, психиатриялық, наркологиялық қызмет, санитралық-эпидемиологиялық оқыту, салауатты өмір салтын құру, денсаулық сақтауды қайта құру сұрақтары табылады.
СӨС құру сұрақтары бойынша орта медициналық (фармацевтикалық) қызметкерлерді дайындау бойынша қолданыстағы курстар үнемі жұмысын жалғастырып отырады.
Үкімет денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне үнемі қамқорлық көрсетіп отырады. Медициналық өтілінде үлкен үзіліс болған қызметкерлерге Республикалық бюджеттен қаржыландыратын «Жол картасы» бағдарламасы және республикалық бюджет пен жергілікті бюджет есебінен қаржыландыратын денсаулық сақтау мекемесінде (стационарларда) жұмыс жасайтын қызметкерлерге арналған «Денсаулық сақтаудың мемлекеттік мекемелерінде мамандардың біліктілігін жетілдіру мен қайта даярлау» 014 бағдарламасы бойынша тыңдармандарды жинау ұйымдастырылған.
Перспективтік жоспарда білім жетілдіру бөлімін ары қарай кеңейту, оны шолу техникаларымен және басқа да ТСО қамтамасыз ету, жаңа заман талаптарына жауап беретін оқу-әдістемелік жинақтар құру, мүмкіндік болған жағдайда оқыту сапасын жақсартуға арналған медициналық құрал-жабдықтар алу қарастырылады