Оқу - әдістемелік кабинеті

Колледж әдіскері: Дуванбекова Г.С.

Білім, біліктілікке жеткізер баспалдақ,
ал біліктілік-сол білімді іске асыра білу дағдысы
А.Байтұрсынов


Бүгінгі таңда білім беру саласында білім мазмұнына жаңаша тереңдету негізінде кәсіби мамандарды даярлаудағы негізгі мәселелердің бірі.
Педагогикалық ұжымның ғылыми - әдістемеліктің келелі мәселесі: «Оқу-тәрбие үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын ендіру арқылы шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу».
Колледждің әдістемелік кабинеті оқу-тәрбие үрдістерін ізгілендірудің, озық тәжірибелер мен ғылым жаңалықтарын ендірудің, оларды зерттеп, жинақтап таратудың орталығы болып табылады. Әдістемелік жұмыстың басты мақсаты - әрбір мұғалімді шығармашыл тұлға деп қарап, ізденіске жетелеу. Жаңашыл, шебер ұстаздардың тәжірибесін насихаттау, ғылыми үрдіске даярлау.
Әдістемелік кабинетінің басшылығымен колледжде циклдық әдістемелік комиссияның, ынталы шығармашылық тобының, рецензиялық комиссияның жұмыстары ұйымдастырылған. Олардың негізгі мақсаттары – оқытудың жаңа технологияларын жетік меңгере отырып, оқу-әдістемелік процесті жетілдіруге ықпал ету.
Жас ұстаздардың кәсіби шеберліктерін жетілдіру мақсатында «Жас ұстаздар мектебі» жұмыс істейді.
Колледждің әдістемелік кабинетінде келесі бөлімдер бойынша әдістемелік меатериалдар жинақталған:
• Мемлекеттік тілді енгізу бойынша;
• Жас ұстаздарға арналған әдістемелік нұсқаулар;
• Оқытудың жаңа технологияларын оқу, үрдісіне ендіру бойынша материалдар;
• Қалыптан тыс сабақ өткізу үлгілері;
Өткізілген педагогикалық семинарлар мен ашық сабақтардың, байқаулар мен
конференциялардың бейне материалдары.
Колледждің педагогикалық ұжымы 2004 жылдан бастап оқу үрдісіне білім берудің жаңа технологияларын енгізуде. Осыған орай, колледжде алты шағармашыл топ құрылған. Топ мүшелері үнемі шығармашылық ізденіс үстінде. Шығармашылық топтардың негізгі мақсаты: педагогикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, өз әрекетінің нәтижесін болжай білетін, оқытудың жаңа технологияларын жетік меңгерген, психолого-педагогикалық талдаудың әдіс-тәсілдерін дұрыс қолдана алатын шығармашыл оқытушыларды қалыптастыру. Осы топтардың мүшелері жыл сайын қалыптан тыс ашық сабақтар, пәндік байқаулар, конференциялар, педагогикалық семинарлар өткізіп, жинақталған іс-тәжірибелерін ортаға салады.
Жас ұстаздарға педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгерту бағытында үздіксіз көмек көрсетіліп, олардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына ерекше көңіл бөлінеді.
Оқытушылар мен оқушылардың ғылыми ізденістік бағыттағы жұмыстары пәндік үйірмелер арқылы жүзеге асырылады. Үйірме жұмысының нәтижесі ғылыми- тәжірибелік конференцияларда баяндалады.
Колледжде алдыңғы қатарлы оқытушылардың іс-тәжірибелері жинақталып, жүйеленіп таратылады.
Колледжде алдыңғы қатарлы оқытушылар мен топ, ЦӘК, үйірме жетекшілерінің, кабинет меңгерушілерінің іс-тәжірибелері жинақталып таратылады.
Колледждің әдістемелік кабинетінде төмендегі бөлімдер бойынша:
• Мемлекеттік тілді қолдану;
• «Мейірбике ісінде» білім беруді реформалау;
• Жас ұстаздарға, цикл жетекшілеріне, оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқаулар;
• Оқытудың жаңа технологияларының жинақтары;
• Қалыптан тыс өткізілген сабақтардың үлгілері;
• Педагогикалық семинарлар мен кәсіби – пәндік байқаулар және ғылыми – тәжірибелік конференциялардың материалдары жинақталған.
Оқытушылар мен оқушылардың ғылыми ізденістік бағыттағы жұмыстары пәндік үйірмелер арқылы жүзеге асырылады. Үйірме жұмысының нәтижесі ғылыми- тәжірибелік конференцияларда баяндалады.
Колледжде алдыңғы қатарлы оқытушылардың іс-тәжірибелері жинақталып, жүйеленіп таратылады.
Оқытушылардың кәсіптік деңгейін, педагогикалық іс-тәжірибелерін бағалау мақсатында әдістемелік кабинетінің басшылығымен рейтингтік бағалау жүйесі енгізілген. Рейтингтік бағалау жүйесі көптеген номинациялар бойынша ең үздік оқытушыларды, циклдык әдістемелік комиссия, кабинет, үйірме және топ жетекшілерін анықталады.
Колледж оқытушылары өз білімдерін жетілдіру мақсатында жыл сайын білім жетілдіру курстарынан өтіп, білімдерін көтереді.
Колледж оқытушылары Республикалық, облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға белсене қатысып, баяндамалары ақпараттық басылымдарда жарияланып отырады.
Колледж ұжымы үнемі шығармашылық ізденісте.

схема-1

схема - 2

 

Сілтемелер:
Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә. Назарбаев
Денсаулық сақтау министрлігі
 
  2012 Қазақстан Республикасы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі 228-ші үй. Телефон/факс: 8/7282/ 22-43-34, e-mail: medkolledg@mail.ru