ЗЕРТХАНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА
ФАРМАЦИЯ
ЕМДЕУ ІСІ
МЕЙІРБИКЕ ІСІ
ГИГИЕНА ЖӘНЕ ЭПИДЕОМОЛОГИЯ
СТОМАТОЛОГИЯ


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА

0305000 «Зертханалық диагностика » мамандығы бойынша орта кәсіптік
медицина мамандары
0305013«Медициналық лаборант» біліктілігі

0305000- «Зертханалық диагностика» мамандығының кәсіби қызметінің объектілері.
Медициналық лаборанттың кәсіби қызметінің объектілері:
- биологиялық материалдар;
- сыртқы ортаның объектілері;
- азық түліктер;
Білім алушылардың кәсіптік қызметін жүзеге асыруға арналған мекемелерге емдеу-алдын алу және ветеринарлық мекемелер жанындағы диагностикалық орталықтар, диагностикалық зертханалар, жоғары және орта оқу орындары, медициналық биологиялық және ветеринарлық-биологиялық бағыттағы ғылыми- зерттеу институттары, биотехнологиялық және фармакологиялық профильдегі өндірістік кәсіпорындардың бөлімшелер мен зертханаларды ведомосттық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау саласының басқарушылық құрлымдар жатады.
Дәрігердің жетекшілігімен лаборант немесе өз бетінше зертханалық құрал жабдықтармен, реактивтермен, химиялық ыдыстар мен қоректік орталармен және залалсыздандыру ерітінділермен зертханалық зерттеу жүргізеді. Зертханаға түскен материалдарды зерттеп әр- түрлі есептеу және графикалық жұмыс атқарады, дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсете алады.
микробиологиялық, вирусологиялық, санитариялық- гигиеналық, клиникалық диагностикалық және биохимиялық анализ жүргізеді;
- қазіргі заманғы барлық биологиялық материялдардың нақтамасын, дифференциалдық нақтамасын лабораториялық және аспаптық әдістерді пайдалана отырып іске асырды;
- салауатты өмір салтын насихаттау бойынша санитарлық ағарту жұмыс жүргізеді.

басына қайту


ФАРМАЦИЯ

0306000 «Фармация » мамандығы бойынша орта кәсіптік
медицина мамандары
0306013 «Фармацевт» біліктілігі

Кәсіптік қызмет обьектілері
Фармацевт ассистентінің кәсіби қызметтерінің обьектілері болып, профилактикалық мақсатта диагностикада, ауруларды емдеу, қолданылатын дәрілік затттар, медициналық бұйымдар және медициналық техникалар болып саналады.
Кәсіптік қызметтің түрлері
- Ұйымдастыру, басқарушылық (дәріханалардың рецептсіз босату бөлімінің, дәріханалық пункт және дүңгіршіктердің жұмысын ұйымдастыру);
- Өндірістік (дәрілік заттарды дәріханада дайындау; эталонды титрленген ертінділерді, реактивтерді дайындау;)
- Химиялық ыдыстар мен өлшеуіш құрал-жабдықтармен жұмыс істеу; фармацевтикалық таңдау, дәрілік өсімдіктер мен шикізаттарды макро және микроскопиялық тауарлық таңдау, рецепсіз босатылатын дәрілік заттарды көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы сатып өткізу жұмыстарын орындау).
Фармацевт ассистенттері жоғары фармацевтикалық білімді-фармацевт мамандардың бақылауымен келесі ұйымдарда жұмыс істей алады:
- түрлі меншіктегі фармацевтикалық ұйым және кәсіпорындарда (дәріханалар, фармацевтикалық көтерме және бөлшек сауда фирмалары, дәріханалық пунктер және т.б).
- дәрігерлердің сапасын бақылау, дәрігерлерді стандарттау сертификаттау лабораторияларында және басқа да химиялық, биохимялық лабораторияларда;
- салауатты өмір салтын үгіттеуді жүргізу;
- дәрігерге дейінгі жәрдем көрсете білу.

Фармация- дәрі-дәрімекті құралдарды алу, зерттеу, оларды дайындау және сақтау мен босату жөніндегі ғылыми-тәжірибелік сала. Фармакологиямен бірге дәрі-дәрімек жайындағы ғылымның негізін құрайды
Фармацевт-жоғары немесе аранаулы орта фармацевтік білімі бар дәріхана қызметкері.

Фармакопея- дәрілік заттардың сапасына талап ету жағдайлары мен стандарттың жинағы. Фармакология- ағзаға керекті дәрілік заттардың әсерін зерттейтін ғылым.
Фармакогнозия-дәрілік өсімдіктердің және олардың алғашқы өнімдерін зерттейтін ғылым.
Фармацевтік қызмет- көтерме сауда кәсіпорындары мен дәрілік мекемелердегі дәрілік заттардың айналымы, дәрілік заттардың көтерме және бөлшек саудасы және дәрілік заттар дайындау жатады.

басына қайту


ЕМДЕУ ІСІ

0301000- «Емдеу ісі » мамандығы бойынша орта кәсіптік медицина мамандары
0306013 «Фельдшер» біліктілігі

Кәсіптік қызмет объектілері
Түлектердің кәсіптік қызмет объектілері ересек тұрғындар мен балалар болып табылады. Олардың кәсіптік қызмет ұйымдары төмендегілер болып табылады:
- түрлі ведомстволар мен мекемелердің денсаулық сақтау қызметін басқару ұйымдары;
- әртүрлі меншікті емдеу- алдын- алу мекемелері;
амбулаториялар, аудандық ауруханалар, ауылдық дәрігерлік ауруханалар, фельдшерлік – акушерлік пунктер, жедел көмек көрсету станциялары, медициналық – санитарлық бөлімдер, профилакториялар мен сауықтыру орындары;
- медициналық сақтандыру және әлеуметтік қызмет салалары.
Кәсіптік сала қызмет түрлері
0301000 «Емдеу ісі» келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады;
-емдеу (науқастарды қабылдау, диагноз қою, дәрігерге дейінгі және шұғыл қөмек көрсету);
- санитарлық – профилактикалық;
- салауатты өмір салтын үгіттеуді жүргізу;
Фельдшер – орта арнаулы медициналық білімі бар, өз бетінше алғашқы медициналық жәрдем көрсете алатын медицина қызметкері. Емдеу – профилактикалық және санитарлы –эпидемиологиялық мекемелердегі дәрігердің көмекшісі.
Фельдшер денсаулық сақтау кәсібі қызметкерлер арасында ерекше қызмет атқарады және еліміздің денсаулығын сақтау үлесіне ерекше бастама жасау міндетін атқарады. Фельдшер құрамының негізгі пайызын, дамыған елдердің денсаулық сақтау жүйесін және «барлығына денсаулық» бағдарламасына керекті өзгертулерді орындауды жүзеге асыратын потенциалды күшті жүйеі мамандандырылған қызметкерлер күші құрайды.

басына қайту


МЕЙІРБИКЕ ІСІ

0302000- «Мейірбике ісі » мамандығы бойынша орта кәсіптік медицина мамандары
0302033 «Жалпы тәжірибелі мейірбикесі» біліктілігі

Кәсіптік қызмет объектілері
Түлектердің кәсіптік қызмет объектілері ересек тұрғындар мен балалар болып табылады. Олардың кәсіптік қызмет мүшелері төмендегілер болып табылады:
- түрлі ведомстволар мен мекемелердің денсаулық сақтау қызметін басқару мүшелері;
- әртүрлі меншікті емдеу алдын – алу мекемелері:
амбулаториялар, аудандық ауруханалар, ауылдық дәрігерлік ауруханалар, ауылдық дәрігерлік амбулаториялар, профилакториялар мен сауықтыру орындары;
- медициналық бағыттағы ғылыми- зерттеу мекемелері ;
- мектепке дейінгі балалар мекемелері (бөбекжай, балабақшалар);
- білім беру мекемелері (мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары);
- әлеуметтік қызмет сала қызметтері.
Кәсіптік қызмет түрлері
0302000 – «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша түлектер келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:
- Мейірбике үрдісінің барлық кезеңдерін ұйымдастыру;
- Науқастарға білікті күтім жасау;
- Мейірбикелік монепуляцияларды орындау;
- Дәрігерге дейінгі көмек көрсете білу;
- Алдын – алу жұмыстарды, салауатты өмір салтын үгіттеуді жүргізу.
Медициналық мейірбике - арнаулы орта медициналық білімі бар, өз бетінше алғашқы медициналық көмек көрсете алатын емдеу алдын – алу мекемелердегі дәрігердің көмекшісі болатын медицина қызметкері.
Тарихтағы алғашқы медицина мейірбикесі ретінде Флорец Найтингейлді (12 мамыр 1820 – 13 тамыз 1910 ж.ж) атауға болады. Ол тұңғаш рет 1853 – 1856 ж.ж қырым соғысы кезінде өз бетінше санитарлар отрядын ұйымдастырып, өзі жетекшілік еткен Британ армиясында жүріп алғашқы санитарлық іс – шаралардың жиынтығын ұйымдастырған, соның нәтижиесінде армияда өлімжітім 49 % дан 2 % төмендегі (1854-1855 жж.). Лондондағы Эйлие Томас ауруханасында ұйымдастырылған орта және кіші медициналық қызметкерлерді дайындайтын мектептің негізін салған. 200–ден астам мақалалар мен кітаптардың авторы. Ең атақты шығармасы болып 1860 жылы жарық көрген «Жан – жақты көмек туралы жазбалар» кітабы болып табылады. 1912 жылы Халықаралық Қызыл крест комитеті Флоренс Найтенгейл атындағы медаль шығаруға шешім қабылданған.

басына қайту


ГИГИЕНА ЖӘНЕ ЭПИДЕОМОЛОГИЯ

0303000- «Гигиенист- эпидемиолог» мамандығы бойынша орта кәсіптік медицина мамандары
0303013 «Гигиенист-эпидемиолог» біліктілігі

Кәсіптік қызмет түрлері.
0303000 – «Гигиена және эпидеомология» мамандығы бойынша білім алған мамандар келесі кәсіптік қызмет түрлерімен айналыса алады:
- басшылықтың және дәрігердің бақылауы бойыншы мемлекеттік санитарлық эпидеомологиялық бақылаумен, індетке қарсы, профилактикалық және дезинфекциялык шаралар мен лабораториялық зерттеулермен;
- салауатты өмір салтын үгіттеуді жүрізу;
- дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
Гигиенист- эпидемиолог дәрігерінің көмекшісі:
- гигиене бөлімдері бойынша гигиенист- дәрігер көмекшісі;
- эпидемиолог- дәрігер, дезинструктордың көмекшісі;
- санитарлық - гигиеналық, бактериологиялық, паразитологиялық лабороториялардың лаборанты болып қызмет ете алады.
Гигиена – денсаулық жайындағы ғылым. Өмір сүру жағдайы мен еңбектің адам денсаулығына әсерін зерттейтін медицинаның саласы. Өмірді сақтау мен ұзарту, қоғамды өндірістік қатынастардың адам денсаулығының еңбек ету қабілеттілігіне әсерін тексеретін ежелгі медицинаның бір саласы болып табылады. Ғылыми гигиена ХІХғасырдың екінші жартысынан бастады. Оның негізін қалаушы М.Петтенкофер, ал Ресейде А.П.Доброславин мен Ф.Ф Эрисман болды. Отандық гигиена ғылымына үлес қосып жүрген ғалымдардың Әміреев С.Ә, Шарманов Т.Ш алатын орны зор.
Гигиена өз алдына бірнеше жекеленген бөлімдерден тұрады: коммуналды гигиена, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, тамақтану гигиенасы, әскери гигиена, радиациялық гигиена, т.б.
Эпидемиология – түрлі жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуының заңдылықтарын зерттейтін медицинаның бір бөлімі. Қазіргі заманғы әдебиеттерде «эпидемиология» термині жұқпалы емес ауруларға да қатысты қолданылады.

басына қайту


СТОМАТОЛОГИЯ

0304000 «Стоматология» мамандығы бойынша орта кәсіптік медицина мамандары
0304013 «Стоматолог дәрігердің көмекшісі», 0304023 «Дантист»

Кәсіптік қызмет орындары:
- стоматологиялық емхана (қалалық, облыстық, аудандық);
- жеке стоматологиялық кабинет;
- емдік-профилактикалық мекемелердегі стоматологиялық кабинет;
- фельдшерлі-акушерлік пунктегі стоматологиялық кабинет;
- ауылдық дәрігерлік амбулаториядағы стоматологиялық кабинет;
Кәсіптік қызмет түрлері:
Дантист үшін:
- терапиялық, хирургиялық, ортопедиялық стоматологиялық көмек;
- ортопедиялық протездер мен ортодонтиялық аппараттарды дайындау;
- гигиеналық кабинеттерде профилактикалық көмек;
- салауатты өмір салтын үгіттеу;
- алғашқы медициналық көмек көрсету.
Стоматологтың ассистенті үшін:
- гигиеналық кабинеттерде профилактикалық көмек;
- салауатты өмір салтын үгіттеу;
- алғашқы медициналық көмек көрсету.
СТОМАТОЛОГИЯ – «stoma» - ауыз қуысы, «logos» - ғылым, яғни ауыз қуысы ауруларын зерттейтін медициналық ғылым саласы.
Тіс ауруларын оқып-зерттеу тарихы ертеден басталады. Біздің эрамыздың VII-VIII- ғасырларында тіс емдеу Шығыста, ал XV-ғасырда Еуропада жақсы дамыған.
XVIII-ғасырдың соңында француз дәрігері Пьер Фошар тіс ауруларын бір жүйеге топтастырып, тіс дәрігерлік ғылымының негізін қалаушы ретінде танылды. Ресейде тіс дәрігерлік кәсіппен шұғылдану XVIII-ғасырдан басталады. 1810 жылы тіс дәрігерлік кәсібімен айналысқандар «тіс емшісі» болса, 1838 жылдан бастап олар «дантист» деп аталды. 1880 жылдан бастап Ресейде алғашқы тіс дәрігерлік мектептер ашыла бастады.

басына қайту

 

Сілтемелер:
Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә. Назарбаев
Денсаулық сақтау министрлігі
 
  2012 Қазақстан Республикасы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі 228-ші үй. Телефон/факс: 8/7282/ 22-43-34, e-mail: medkolledg@mail.ru